Көлік құралын алкогольге және есірткіге мас күйінде басқарғандар жаза жоюды талап етуде

Pexels фото на taspanews.kz от 11 июня 2025 16:08
Фото: Pexels

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі соңғы кезде кей азаматтар көлікті алкогольге және есірткіге мас күйде жүргізе келе, артынан салынған әкімшілік жазаны жоюды талап етуде екенін жеткізді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


ІІМ бұл талаптарды орынсыз етіп санады.


«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабында көзделген жауапкершілікті жеңілдетуге түбегейлі қарсымыз. Мұндай қатаң шаралар, соның ішінде 7 жылдық куәліктен айыру жазасы 2020 жылы жайдан-жай енгізілген жоқ. Бұл - заңдағы бап қана емес, жолдағы өмір мен өлімнің арасындағы шекара», – делінген ресми хабарламада.

Одан бөлек, өкілетті орган соңғы жылда жол апатынан 460-тан астам қаза тапқанын, 3 300-ден астамы жарақат алғанын жеткізді. Мас күйінде көлік жүргізу заң бұзушылық қана емес, адам өміріне қауіп төндіретін әрекет екені түсіндірілді.  


«Адам өмірі заңды саналы түрде бұзған азаматтардың негізсіз талаптарынан әлдеқайда маңызды», – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Следите за новостями Taspanews