Көкшетауда ер адам әйеліне пышақпен шабуыл жасады

Көкшетау қаласындағы микрокредиттік ұйымның кеңсесінде жергілікті тұрғын өз әйеліне пышақпен шабуыл жасады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Оқиға куәгерлері түсірген видеода дәрігерлердің әйелді зембілмен ғимараттан алып шыққаны көрінеді.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сай, ерлі-зайыптылар арасында жанжал болған.
«Ер адам өз-өзін ұстай алмай, пышақ алып әйелін жарақаттаған. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда көп ұзамай полиция қызметкерлері оны ізін суытпай ұстады. Әйел адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір оған дәрігерлік көмек көрсетілуде», – деп хабарлады полиция.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.
Еске салсақ, Алматы облысының полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әлеуметтік бейнеролик түсіріп, қиын жағдайға тап болған әйелдерге үндеу жасаған болатын.