Көкшетауда 77 жасар әйел адам лифтте қалып қойған

Фото: Freepik
Көкшетауда 1947 жылғы әйел лифтіде қалып қойған, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Лифті бойынша қызмет көрсететін компаниямен байланысу мүмкін болмағандықтан, көмекке ҚР Төтенше жағдайлар қызметі келді.
Лифт есігі гидровликалық авариялық құтқару құралы көмегімен ашылды. Әйел адам сыртқа шығарылды. Медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ мұндай жағдайда қалай әрекет ету керегін түсіндірді:
«Диспетчерге хабарласыңыз, барлық түймелерді қатарынан баспаңыз, лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз, барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз»,