Киік атқан Түркістан облысы тұрғындары бас бостандығынан айырылды

Уикипедия фото на taspanews.kz от 23 апреля 2025 09:44
Фото: Уикипедия

Ұлытау облысына жоғалған жылқыларды іздеп таппақ болып барған топ киіктерді атуды шешкен, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ұлытау соттарына сілтеме жасап.


Жылқыларын таппаған соң, мотоциклмен келген бір топ адам аңшы мылтықтарымен 15 киікті өлтірді. Мүйіздерін алып, етін көлікке тиеп алғаны белгілі.


Салдарынан мемлекетке 143 млн теңгеден астам шығын келтірілді.


Браконьерлер «Охотзоопром» ААҚ қызметкерлерімен ұсталды.


Сот барысында айыпталушылар күнәларын мойындады. Келтірілген залал толық көлемде өтелді. Әрқайсысы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.


«Ұлытау облысының Қаражал қалалық соты қылмыстық істі қарай отырып, сотталушыларды мемлекетке ірі көлемде зиян келтірген заңсыз аулау, сондай-ақ киіктерді заңсыз жою және тасымалдау бойынша кінәлі деп таныды (ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігі, 4-тармағы, 339-бабының 2-бөлігі, 2, 5 тармақтары). Сотталушылардың әрқайсысы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар 5 жыл мерзімге аңшылықпен айналысуға тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews