«Хуторские» ҚҰ қатысы жоқ: Шерзат Полат ісі бойынша айыпталушы сөзі тыңдалды

Pexels фото на taspanews.kz от 21 мая 2025 14:07
Фото: Pexels

Шерзат Полат ісі бойынша Талдықорғанда сот жалғасуда. Соңғы отырыста басты күдікті – А. Ш. сөзі тыңдалды, деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Айыпталушы ашық түрде қылмысты өз еркімен емес, басқа күдіктілер мен тергеушілердің қысымымен және үгіттеуімен мойнына алғанын мойындады.


 «Біз бандит емеспіз, “Хуторские” де емеспіз»


А. ең алдымен өзін «Хуторские» атты қылмыстық топқа қатысы бар деген қауесетті жоққа шығарды.


Оның айтуынша, «Хуторские» – бұл оның туған ауылы Тұрар Рысқұловтың ескі атауы ғана.


«Бізді бірден бандит деп атап қойды. Бірақ біз жай ғана ауылдың жігіттеріміз. Ешқандай “Хуторские” жоқ. Бұл – біз шыққан ауылдың аты ғана»,  – деді ол.

 «Кінәні мойныма алдым, себебі біреу мойындауы керек деді»


Ш. шын мәнінде кісі өлтіргеніне сенімді болмағанын айтты. Бірақ оны басқа күдіктілермен бірге автозакпен алып бара жатқанда әңгіме өрбіген. Сол кезде Р. С. деген жігіт кінәні біреудің мойнына алғаны дұрыс екенін ұсынған, әйтпесе бәрі жазаға тартылуы мүмкін екенін айтқан.


«Р.: «Біреу бәрін өз мойнына алса, қалғандарын босатады» деді. Мен келістім. Сосын полицияда бәріміз солай айттық», – деді А..

Ол тергеушілер де істің тезірек аяқталуы үшін бір адам кінәні мойнына алуы керек деп қысым көрсеткенін айтты. Ш. мойындауды осы қысымның әсерімен жасағанын жеткізді. Кейін оны істің тағы бір фигуранты – Ш. Б. Оны қолдап, марқұмның туысына шабуыл жасауды өз мойнына алуға дайын екенін айтты.


Сот әлі түпкілікті шешім шығарған жоқ. Іске қатысы бар барлық тұлғалар әзірге қамауда. Алдағы отырыстарда басқа қатысушылардан жауап алу және барлық дәлелдерді қарау жоспарлануда.


Еске салсақ, 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар қаласында топтық төбелес салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапты.


Следите за новостями Taspanews