Халықаралық бітімгерлер күні: Қазақстанның әскери қызметшілері 750-ден астам миссияға қатысқан

ҚР Қорғаныс министрлігі фото на taspanews.kz от 29 мая 2025 09:58
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

2025 жылы 29 мамыр күні Біріккен Ұлттар Ұйымының қақтығыстарды реттеуші, қауіпсіздік қорғап, бейбітшілік құруға арналған миссиясы бойынша арнайы бекітілген Халықаралық бітімгерлер күні тойлануда, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


БҰҰ-мен бітімгерлік желі бойынша өзара іс-әрекет 2014 жылы Батыс Сахараға Қарулы күштердің әскери қызметшісін бақылаушы ретінде жіберген сәттен басталды. Содан соң қазақстандықтар Ливан, Батыс Сахара және өзге де бітімгершілікті талап ететін елдерде қызмет етті. Орталық Африка Республикасындағы, Малидегі, Конго Демократиялық миссияларына қатысты.


Жақында әскери қызметкерлер Голан жоталарынан оралды. Қазақстан ТМД-да БҰҰ-ның Голан жоталарында қызмет етуге дербес мандат алған жалғыз ел ретінде саналады.


«Ұйымның бітімгерлік контингентін өз бетінше орналастыру туралы шешімі нормативтік базаны дамыту және әскери қызметшілерді даярлауды жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмыстың логикалық нәтижесі болды. Бұл үдерісте бітімгерлерді құқықтық, гуманитарлық, тілдік және психологиялық даярлаумен қатар, жан-жақты оқытумен қамтамасыз ететін Алматы қаласында Бітімгерлік операциялар орталығын құру шешуші рөл атқарды», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews