Халықаралық әуежайларда бірыңғай цифрлық навигация енгізілді

Pexels фото на taspanews.kz от 10 июня 2025 13:45
Фото: Pexels

2025 жылы 10 маусым күні ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстанға келген туристерге арналған жаңа қызмет – бірыңғай цифрлық навигация QR қызметі енгізілгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 


Елдегі барлық халықаралық әуежайларда электронды SIM-карта, ресми такси қызметтері мен қонақ үйлерді онлайн брондау, шет ел азаматтарын тіркеу тәртібі мен өңірдегі басты нысандар туралы ақпарат қамтылатын QR-код енгізілді.


«Жаңа жүйе туристерді алаяқтардан қорғауға, әсіресе такси, байланыс, валюта айырбастау және басқа да қызмет түрлерінде кездесетін келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Бұл бастама туристерге қаланы оңай аралауға және қажетті ақпаратты жедел алуға көмектеседі», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews