Кентау қаласы Арал маңындағы экологиялық дағдарысқа ұшырауға жақын аймақ ретінде танылмақ

Фото: GOV.kz
«Нысаналы капитал қорлары туралы» заң жобасы аясында маңызды өзгертулер енгізілмек, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.
Сол өзгерістердің бірі – мемлекеттің қатысуынсыз заңды түрде құрылған академиялардың атауына «ұлттық» сөзін толық немесе қысқартылған түрде, кез-келген тілде қолдануға тыйым салынады.
Екінші өзгеріс – Түркістан облысындағы Кентау қаласын және оған іргелес орналасқан Ащысай, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ, Күшата мен Шаштөбе ауылдары экологиялық кризиске ұшырауға жақын аймақтар ретінде танылады. Бұл «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңға енген өзгеріс.
Президент қол қойған жағдайда заң жобасы қолданысқа енеді.