«Келешек мектептері» жобасы аясында қосымша 206 мың оқушы орны беріледі

ҚР Оқу-ағарту министрлігі фото на taspanews.kz от 20 июня 2025 09:57
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

2025-2026 оқу жылында «Келешек мектептері» жобасы аясында 200 мыңнан астам оқушы орны пайда болады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Бұрынғы типтік мектептерден ерекшеленетін «Келешек мектептері» аумағы жағынан 15–20%-ға үлкен. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM зертханалар, хореографиялық залдар, коворкинг аймақтары мен төрт спорт зал бар.


Жоба аясында барлығы 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салынады. 2024 жылы 105 мектеп салынды, ал 2025 жылдың соңына дейін 112 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде. 206 мың жаңа оқушы орны пайда болмақ.


Следите за новостями Taspanews