Қазақстанның кей өңірлерінде шегіртке қаптап кеткені жайлы ақпарат тексерілуде

Pexels фото на taspanews.kz от 12 июня 2025 12:27
Фото: Pexels

Атырау, Батыс Қазақстан мен Қостанай облысында шегірткенің қаптап кетуі жайлы бейнематериалдар тексерілуде, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдегендей, олардың көпшілігі расталмаған.


Қазақстандағы ауыл шаруашылық алқаптарда үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. Әзірге жоспарланған аумақтың 80,1%-ы өңделді.


Түркістан облысында химиялық өңдеу аяқталды. Жамбыл облысында 81,3 мың га жерде өңдеу жүргізілді. Қалған 13 өңірде іс-шаралар жалғасын табуда.


«Ақтөбе облысында – 351 мың га, Қостанай облысында – 345,7 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 177,5 мың га, Қызылорда облысында – 58,6 мың га, Қарағанды облысында – 34,2 мың га көлемінде күрес шаралары жүзеге асырылды», – делінген ресми хабарламада.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдану деректері тіркелмеді.


Следите за новостями Taspanews