Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы тұрақталып келеді

Pex фото на taspanews.kz от 09 июня 2025 08:46
Фото: Pexels

Астана, Алматы мен Шымкентке бүгін, 9 маусым күні шуақты ауа райы жағдайы орнайды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.


Астанада күндіз көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы +20 +22 градус шамасында. Түнде тұман түседі, температура +8 +10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5-10 м/с.


Алматыда күндіз көшпелі бұлт жүреді, кешке жақын өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Температура +30 +32 градус шамасында. Түнде жауын-шашын болмайды. Температура +18 +20 градусты құрайды. Жел найзағай кезінде 13м/с дейін күшейеді.


Шымкентте күндіз және түнде көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +33 +35 градус, түнде +20 +22 градус. Жел жылдамдығы 8-13 м/с.


Следите за новостями Taspanews