Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы күрт нашарлауда

Фото: Pexels

Қазақстанның ірі қалаларына көктемнің суығы келді. 18 сәуір күні температурарың күрт төмендеуі байқалады, – деп хабарлайды Taspanews.kz "ҚазГидроМет РМК" сілтеме жасап.


Астанада көшпелі бұлт жүреді, таңертең және күндіз мезгілімен жауын – қар мен жаңбыр жауады. Күндіз температура +6+8, түнде -1 -3 градус. Түнде жауын-шашын болмайды.


Алматыда күндіз температура +15 +17 градус, көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде температура +5 +7 градус шамасында.


Шымкентте күндіз температура +9 градусқа дейін төмендейді, көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Түнде теимпература +8 +10 градус, көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын жауады, найзағай ойнайды.