Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы күрт құбыла бастады
Фото: Pexels
Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы тым құбылмалы. Алматы тұрғындары суық күнді артта қалдырса, Шымкент тұрғындары жылы күнді қайта асыға күтетін болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz «ҚазГидроМет» РМК сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, күндіз температура +8+10 градус, таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауады. Түнде температура +3+5 шамасында, жауын-шашын болмайды.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +17 +19 шамасында, түнде +5 +7 градус.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, кешке жақын жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура +22+24 градус, түнде +8+10 градус.