Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы күрт құбыла бастады

Pexels фото на taspanews.kz от 17 апреля 2025 08:07
Фото: Pexels

Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы тым құбылмалы. Алматы тұрғындары суық күнді артта қалдырса, Шымкент тұрғындары жылы күнді қайта асыға күтетін болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz «ҚазГидроМет» РМК сілтеме жасап.


Астанада көшпелі бұлт жүреді, күндіз температура +8+10 градус, таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауады. Түнде температура +3+5 шамасында, жауын-шашын болмайды.


Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +17 +19 шамасында, түнде +5 +7 градус.


Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, кешке жақын жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура +22+24 градус, түнде +8+10 градус.


Следите за новостями Taspanews