Қазақстанның ірі қалаларында 8 сәуір күні ауа райы қандай болмақ?

Фото: Freepik

Қазақстанның ірі қалаларына көктемнің жылуы қайта оралуда, – деп хабарлайды Taspaneews.kz ҚазГидроМет РМК сілтеме жасап.


Астанада түнде және күндіз көшпелі бұлт жүреді, мезгілімен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура +17+19 градус, түнде +7 +9 градус. Тұман түседі.


Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +22+24 °C. Түнде көшпелі бұлт жүреді, аз уақытқа созылатын жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде температура +11+13 °C.


Шымкентте күндіз температура +10 градус, түнде +9+11 градус. Көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз.