Қазақстанның егістік жерлерінде шегірткемен күрес жүруде

Фото: Pexels
Қазақстанның 3,1 млн гектар жерінде шегірткемен күрес жүргізілуде, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Осы мақсатта 50-ден астам дрон пайдаланылуда. Қабылданған шаралар арқасында шегірткелердің басқа көршілес аумақтарға көшуіне жол берілмеді. Егістік жердегі дақылдардың зақымдалуының алды алынды.
«Химиялық өңдеуге арналған агродрондар Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында қолданылады. Түркістан және Жамбыл облыстарында дрондармен мың гектардан астам жер өңделді. Қолданылатын технология қысқа мерзімде және жоғары дәлдікпен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді",