Қазақстанның 3 ірі қаласына жаңбырлы күн қайта келіп жетті
Фото: Pexels
Астана, Алматы мен Шымкентте температура жоғары болғанмен, сәуірдің жауын шашыны қайта оралды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазГидроМетке сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, мезгілімен жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз температура +21+23 градусты, түнде +7+9 °C құрайды.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз температура +18+20 градус, түнде +6+8 градусты құрайды. Түнде жаңбыр жаумайды.
Шымкентте күндіз көшпелі бұлт жүреді, күннің екінші жартысында қысқа мерзімге созылатын жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды. Түнде температура +8+10 градусты құрайды, жауын-шашын болмайды.