Қазақстанның 15 облысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады

Синоптиктер 2025 жылдың 7 сәуіріне дауылды ескерту жариялады, еліміздің бірқатар аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, – деп хабарлайды Taspanews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атырау облысында 7 сәуірде түнде солтүстікте және шығыста кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жамбыл облысының таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады, сондай-ақ облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Тараз қаласында да түнде найзағай ойнап, екпіні 28 м/с жел соғады.
Маңғыстау облысында 7 сәуір түнінде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде, оның ішінде Ақтауда тұман түседі.
Қызылорда облысында түнде солтүстікте нөсер жаңбыр, найзағай, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады – облыстың орталық бөлігінде 25 м/с дейін жетеді. Қызылордада да түнде және таңертең найзағай ойнап, екпінді жел соғады, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстікте және шығыста нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 20 м/с күшейеді. Оралда түнде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел 18 м/с күшейеді.
Түркістан облысында түнде солтүстікте және таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа қарай ауысады, екпіні 28 м/с жетеді. Шымкент пен Түркістанда найзағай ойнайды. Жел екпіні 23 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстіктен соққан жел 20 м/с күшейеді деп күтілуде.
Қарағанды облысының батысы және орталығында нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 20 м/с.
Ақтөбе облысының батысы және оңтүстігінде түнде нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыстан соғатынға ауысып, екпіні 20 м/с жетеді.
Ұлытау облысында солтүстігі және шығысында күнліз найзағай ойнап, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Шығыста түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 20 м/с. Жезқазғанда да жел 20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде.
Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 20 м/с.
Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде және солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Жетісу облысында түнде таулы аймақтарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, шығыста және Алакөл маңында екпіні 25 м/с жетеді.
Ақмола облысының батысы, оңтүстігі және шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 20 м/с.
Павлодар облысында түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігіне тұман түседі.