Қазақстаннан Вьетнамға бидай экспортталды

 Pexels фото на taspanews.kz от 18 июня 2025 09:44
Фото: Pexels

Қытайдың Ляньюньган портына жоғары сапалы қазақстандық бидай тиелген контейнерлік пойыз жеткізілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


Қазақстандық бидай барлық рәсімдер жедел жүргізілетін «жасыл дәліз» арқылы жетті. Теміржол құрамының салмаға 1,7 мың тоннаны құрады. 62 контейнер теңіз кемелеріне тиеліп, кейіннен Вьетнамның Хайфон портына жеткізіледі.


«Алғашқы бидай партиясы Ақмола облысындағы астық қабылдау кәсіпорындарында дайындалған. Жалпы, Вьетнамға шамамен 15 мың тонна азықтық бидай жөнелтіледі деп жоспарлануда», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews