Қазақстанға Прагадан жабайы жылқылар – керқұландар жеткізілді

Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлі
2025 жылдың 3 маусымы күні Қазақстанға керқұландар екінші рет тасымалданды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Керқұландар Прага зоопаркі мен Мажарстанның Hortobágy ұлттық паркінен 5 тәулік ішінде әкелінді. Жануарлар «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы жабайы тұяқтыларды реинтродукциялау орталығына жеткізілді. Олар осында кең жерде 1 жыл ұсталып, кейіннен жабайы табиғатқа жіберіледі.
Бұл табиғатты қалпына келтіру, жабайы жылқылар популяциясын құруға негіз болу үшін жүргізілетін шара ретінде белгілі.
«Бір жылдық жұмыстың керемет нәтижесі — екінші топ керқұландар аман-есен келіп жетті, ал бірінші топ әбден көндігіп, «Алтын Дала» мемлекеттік резерватының инспекторларының қорғауымен жабайы табиғат тіршілігіне толық дайын»,