Қазақстанға келген легионерлерге мемлекет тарапынан қаражат бөлінбейтін болды

Фото: Pexels

2025 жылы 15 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортты дамытуға арналған заңға қол қойды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Сенаттың ресми ақпаратына сілтеме жасап.


Ендігі кезекте шет елдік спортшыларға мемлекет есебінен қаражат бөлінбейді. Легионерлер жеке қаржы немесе демеушілер есебінен шақырылады.


Футбол клубтары жекешелендіріледі. Жалпы командалық спорт түрлері бойынша кәсіпқой спорт клубтарын ұстауға лимиттер белгіленді.