Қазақстандықтарға тегін акция беру туралы алаяқтық схемасы орын алуда
Әлеуметтік желілерде Freedom Finance брокерлік компаниясының атынан жаппай жарнама тарауда. Онда қарапайым сауалнамаға қатысқаны үшін 10 акцияны тегін береміз деп уәде етіледі. Бұл — алаяқтық, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Іс жүзінде компания ешқандай ұтыс ойынын өткізбейді, мұның бәрі – алаяқтардың ісі. Freedom Finance бұл туралы ресми түрде өзінің Instagram парақшасында хабарлап, жалған жазбалардың мысалдарын да келтірді.
«Біз жалған жарнама, фейк аккаунттар мен фишингтік сайттардың байқадық. Өте мұқият болыңыздар және сәл ғана күмәндансаңыздар, ақпаратты міндетті түрде тексеріңіздер. Біз барлық фейк дереккөздерді тез арада бұғаттауға тырысамыз»,
Алаяқтардың схемасы қарапайым: олар танымал брендтің атын пайдаланып, сенгіш адамдардың жеке деректері мен ақшасына қол жеткізгісі келеді.
Адамға сілтеме арқылы өтуді, сауалнама толтыруды ұсынады, кейін «сыйлыққа берілетін акцияларды аудару үшін» деп, банк деректерін енгізуді сұрайды.
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін не істеу керек: Күдік тудыратын сілтемелерге өтпеңіз, тіпті олар «шынайы» көрінсе де;
Кез келген акция мен ұсынысты компаниялардың ресми сайттарынан немесе әлеуметтік желілерінен тексеріңіз;
Егер сізден «тегін сыйлық» деген желеумен банк немесе жеке төлқұжат деректерін сұраса, сақ болыңыз.