Қазақстандықтарға Ресейге кіру қиындайды
2025 жылдың 30 маусымынан бастап Ресейге кіру тәртібі қатаңдатылады – енді қазақстандықтар QR-код алып, саусақ іздерін тапсыруы қажет, деп хабарлайды KazTaspa.kz 24KZ арнасына сілтеме жасап.
Не өзгереді?
Еуропалық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, Ресей цифрлық алдын ала тіркеу жүйесін енгізеді.
Яғни, жай ғана шекараға келу жеткіліксіз — сапардан кемінде 72 сағат бұрын арнайы RuID қосымшасы арқылы анкета толтырып, сурет, паспорт деректері мен кіру-шығу мерзімін көрсету керек. Осыдан кейін жүйе QR-код береді, ол елге кіру рұқсаты ретінде пайдаланылады. Егер анкетаны уақытында толтырмасаңыз — шекарадан кіргізбей, кері қайтарады.ені білу керек:
Нені білу керек?:
Барлық шетелдіктерден саусақ іздері алынып, суретке түсіреді – бұл міндетті рәсім, деректер цифрлық профильге енгізіледі.
Барлық шекара бекеттерінде бұл талаптар бірдей – жеке куәлікпен болсын, паспортпен болсын.
QR-кодсыз елге кіргізілмейді.
Кімдер бұл талаптан босатылады:
6 жасқа дейінгі балалар
Дипломаттар
Халықаралық ұйым қызметкерлері
Ерекше жағдайлар:
Мысалы, шұғыл медициналық көмек қажет болса немесе жақын туысы қайтыс болған жағдайда анкетаны жолға шықпас бұрын 4 сағат ішінде толтыруға болады. Бірақ күнделікті жағдай үшін – кемінде 72 сағат бұрын рәсімдеу қажет.
Қазір RuID қосымшасы әзірлену үстінде, бірақ Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің өкілі Ғазиз Ағибаевтың айтуынша, қолдану оңай болады: сурет жүктеп, деректерді енгізсеңіз – QR-код дайын.
30 маусымнан кейін Ресейге кіру үшін чек-лист:
RuID қосымшасын жүктеңіз (қол жетімді болғанда)
Тіркеліп, сурет жүктеңіз
Паспорт деректерін және сапар күндерін көрсетіңіз
QR-код алыңыз
Шекарада көрсетіңіз
Биометриядан өтіңіз – суретке түсіп, саусақ іздерін тапсырыңыз.