Қазақстандықтардың жеке деректерін заңсыз сатқандар ұсталды

Фото: Pexels
Ішкі істер министрлігі Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, қылмыстық топты құрықтады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Қылмыстық топ ақпаратты мемлекеттік базалардан заңсыз алып, Telegram арқылы таратқан. Кейбір ақпарат коллекторлық компанияларға берілген.
Қылмысқа қатысы бар бойынша күдікпен 140-тан астам адам – компания иелері мен әкімшілері ұсталды. Бес күдікті қамауда.
Тінту барысында 400-ден астам компьютерлік және электрондық техника тәркіленді.
«Қылмыстық кодекстің 205-бабы 3-бөлігі (ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу), 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмірге қол сұғу және жеке деректер туралы заңнаманы бұзу), сондай-ақ 211-бабы 3-бөлігі (шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату) бойынша қылмыстық істер қозғалды»,