Қазақстандықтардың жеке деректері тарап кеткені туралы ақпарат тексерілуде

Фото: Pexels
ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесе, деректердің шынайылығы мен өзектілігін анықтау мақсатында тексеру жүргізілуде екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Алғашқы талдау деректер мемлекеттік емес, жекеменшік ақпараттық жүйелерден болуы мүмкін екенін көрсетті. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректер таралмаған, хакерлік шабуыл салдары жоқ.
«Тексеру толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасау немесе ақпараттың шынайылығын растау ерте. Егер азаматтың дербес деректері тараған мәліметтер арасында болса, ол туралы электрондық үкімет порталы (eGov) арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады»,
Министрлікте жағдай жіті бақылауда екені айтылады.
Осыдан бұрын да ұқсас жағдай тіркелген. Онда деректер ескі ақпараттық базалардан тарады. Қызмет көрсету салалары мен микроқаржы ұйымдарынан алынған ескі мәлімет болған.