Қазақстандықтардың орта жасы 32,3-ті құрады

Depositphotos фото на taspanews.kz от 24 июня 2025 16:33
Фото: Depositphotos

2024 жылдың басындағы деректер бойынша Қазақстан халқының орташа жасы 32,3-ті құрады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.


Ерлердің орташа жасы 30,7 жасты, әйелдердің орташа жасы – 33,9-ды құрады. Ең төменгі орташа жас Түркістан облысында – 27,7 жас, Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында – 27,8 жас шамасында байқалды.


Ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында (39,2 жас), Шығыс Қазақстан облысы (38, 9 жас) мен Қостанай облысында (38 жас) байқалды.


Қала халқының жасы ауылдық жерлермен салыстырғанда жоғары болып шықты – 32,7 және 31,7 жас.


Следите за новостями Taspanews