Қазақстандықтар визасыз демала алатын ТОП-10 ел

2025 жылы қазақстандықтар ондаған елге визасыз бара алады. KazTaspa.kz ең қызықты туризм бағыттарын іріктеді. фото на taspanews.kz от 19 мая 2025 22:39
Фото: 2025 жылы қазақстандықтар ондаған елге визасыз бара алады. KazTaspa.kz ең қызықты туризм бағыттарын іріктеді.

2025 жылы қазақстандықтар ондаған елге визасыз бара алады. KazTaspa.kz ең қызықты туризм бағыттарын іріктеді.


Визасыз баруға болатын ТОП елдер:


Түркия


Сүйікті классика! Теңіз, дәмді ас, шопинг – бәрі жақын және визасыз. 30 күнге дейін еркін демал.


Грузия


Тау,  хачапури және керемет қонақжайлық. Визасыз бір жыл тұруға болады!


БАӘ (Дубай)


Дубайға барғың келе ме? Оңай! 30 күнге дейін визасыз. Шипажайлар, биік ғимараттар мен шопинг күтіп тұр.


Тайланд


Қысқы демалыс үшін таптырмас таңдау. 30 күн визасыз – теңіз, көше тағамдары және тропиктер.


Малайзия


Экзотика іздегендерге – Малайзия. Джунглиде адаспайсың, бір ай бойы визасыз рахаттанасың.


Армения мен Қырғызстан


Жақын, жылы, таныс. Демалыс күндері де бара салуға болады – виза мүлде керек емес.


Өзбекстан мен Әзербайжан


Дәмді тағам, көне қалалар – бәрі визасыз.


Сербия мен Албания


Еуропаға барғың келе ме? 90 күнге дейін визасыз. Жазда демалу үшін тамаша бағыт.


Бразилия, Аргентина, Чили


Иә, бұл елдер алыс. Бірақ ерекше әсер керек болса – 90 күн визасыз. Керемет саяхат.


Оңтүстік Корея


Сеул, BTS, кимчи және озық технология – 2025 жылдың соңына дейін қазақстандықтар үшін визасыз қолжетімді.


Лайфхактар:


Сапар алдында елге кіру ережелерін нақты тексер – кейде өзгеріп кетуі мүмкін.


Паспорт мерзімі елге кіру күнінен бастап кемінде 6 ай жарамды болуы тиіс.


Кей елдерде қонақүйдің ресімделуін немесе қайтар билетті сұрауы мүмкін – алдын ала дайын болған жөн.


Следите за новостями Taspanews