Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында таэквондодан жеңімпаз атанды

ҚР Туризм және спорт министрлігі фото на taspanews.kz от 12 мая 2025 12:20
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық спортшы Хамзаальпер Ромашкин Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан (WT) таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.


Хамзаальпер Ромашкин 61 келіге дейінгі салмақта финалда канадалық спортшы Никола Самордичпен күш сынасып, жеңіске жетті. Спортшы алтын медаль иеленді.


Әлем чемпионатында 81 ел, 800-ден астам спортшы қатысуда.


Следите за новостями Taspanews