Қазақстандық оқушылар өткен оқу жылында халықаралық додалардан 362 медаль әкелген

2024-2025 жылдары қазақстандық оқушылар халықаралық жарыстарға қатысып, 362 медаль олжалаған. Әрбір екінші оқушы жүлдегер атанған, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Оқушылар 41 алтын, 127 күміс пен 194 қола жүлде олжалаған.
Соның ішінде елордалық оқушы Нұргүл Егенбергенова Азия физика олимпиадасында «ең үздік қатысушы» болды, Рамазан Бутантаев Азия-Тынық мұхиты аймағының «ең үздік лингвисті» атанды.
Қазақстандық оқушылар химия пәнінен әлемдегі ең беделді халықаралық олимпиадада (IChO) екі мәрте чемпион атанды. Одан бөлек көптеген жарыстардан жеңімпаз немесе жүлдегер болып келген оқушылар көпшілік болды.
Мемлекет басшысы бастамасымен 2024 жылы халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен 26 оқушы мен оларды дайындаған мұғалімдерге ақшалай сыйақы берілді.
Еске салсақ, KazTaspa.kz бұрынырақ жеңіспен оралған оқушылармен сұхбат жүргізген.