Қазақстандық оқушылар математикадан Балқан олимпиадасына қатысады

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

2025 жылы 24-29 маусым аралығында Солтүстік Македониядағы Струга қаласында жасөспірімдер арасында математикадан Балқан олимпиадасы өтеді. Оған қазақстандық құрама да қатысады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Жарысқа 6 оқушы жөнеледі – Нұртай Мәлік (9-сынып, «Білім-инновация», Ақтөбе қ.), Ануар Ағыбаев (9-сынып, Nurorda, Алматы қ.), Александр Олейников (9-сынып, Nurorda, Алматы қ.), Жәңгір Булат (8-сынып, РФМШ, Алматы қ.), Батырхан Бейганов (9-сынып, РФМШ, Алматы қ.), Мирас Кеңесбек (9-сынып, «Білім-инновация», Қарағанды қ.).


JBMO олимпиадасына Қазақстан қонақ ел мәртебесінде 2024 жылдан бастап қатысып келеді.