Қазақстандық оқушылар еуропалық физика олимпиадасына қатысады

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
2025 жылы 13-17 маусым аралығында Болгарияның София қаласында өтетін EuPhO-2025 олимпиадасына 2024-2025 жылы Республикалық олимпиада жеңімпаздары мен физика бойынша олимпиадалық резерв мүшелері енді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Олимпиадаға Астана қаласы Республикалық физика-математика мектебі 10-сынып оқушысы – Ілияс Қазымбек, Алматы қаласы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы – Роман Черемнов, Астанадағы «Нұрорда» халықаралық мектебінің 11- сынып оқушысы – Даниэль Тюлюбаев, Қостанай «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы – Таир Абдикадыр мен Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы – Алтаир Ақанов қатысады.