Қазақстандық мектептер үшін тамақтанудың жаңа стандарттары әзірленді

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында мектеп оқушыларын тамақтандырудың жаңа стандарттары күшіне енеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Ендігі кезекте тексерулер туралы алдын ала хабарлаудан бас тартылады және тұрақты түрде жиі мониторинг жүргізу ойластырылды.
Сонымен қатар, мектеп асханаларындағы азық-түлік қауіпсіздігі мен санитарлық жағдай бойынша бақылау күшейтіледі.
Сарапшылар жаңа стандарттар келесі артықшылықтарға ие екенін айтты:
балалардағы семіздік деңгейін 10-15% төмендету мүмкін болады;
II типті қант диабеті жағдайлары 10-20%-ға азаяды;
артериялық гипертензия жағдайына тап болған балалар саны 8-18% дейін кемиді;
басқа созылмалы аурулар 5-15%-ға азаймақ.
Одан бөлек, жаңа стандарттар балалардың назар салу қабілеті мен мен оқу үлгерімін жақсартатын тағамдарды қарастырады.