Қазақстандық медицина: резидентурада балалар бейіндісі бойынша мамандар даярланатын болады

Pexels фото на taspanews.kz от 23 апреля 2025 09:03
Фото: Pexels

Қазақстанда Денсаулық сақтау саласындағы бірнеше сұранысқа ие мамандықтар резидентура бойынша ересектер мен балалар бейінділеріне бөлінетін болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ДСМ сілтеме жасап.


Елдегі балалар бойынша маманданған мамандар санын көбейту мақсатында жасалған шара диагностика жасауға кешенді түрде келуге көмектеседі. Мұндай шараға ересектер мен балалардың анатомисясындағы, клиникалық көрінісі мен диагностика жасау әдістеріндегі айырмашылықтар себеп болды. Жаңартылған жүйе бойынша резидент дәрігерлер 27 жаңа бағыт бойынша балалар бейіндісін таңдай алады.  


«Олардың ішінде балалар кардиологиясы, аллергология және иммунология, гастроэнтерология, балалар жақ-бет хирургиясы, жасөспірімдер дерматовенерологиясы, балалар пластикалық хирургиясы, андрология және урология», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews