Қазақстандық бизнес қосылған құн салығының өсуінен бұрын-ақ бағаны көтеруде – Серік Жұманғарин

Фото: Pexels
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бизнес өкілдері жаңа Салық кодексі 2026 жылдан бастап күшіне енетініне қарамастан, салықтың өсуін тауарлар мен қызметтердің құнына алдын ала қосып қойғанын айтты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
«Бізде инфляция бар, шамамен 2,2-3 пайыздық тармақ көлемінде жоспарлап отырмыз, бірақ шын мәнінде көптеген кәсіпорындар өзгерістер тек 1 қаңтардан бастап күшіне енетініне қарамастан, бағаны қазірдің өзінде көтеріп жіберді. Ешкім мұны жасырып отырған жоқ. Мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен сөйлестім, олардың көбісі болашақтағы ҚҚС мөлшерлемесін – 20% – қазірдің өзінде бағаға енгізіп қойған»,
Оның айтуынша, бір жыл ішінде азық-түлік бағасы 9,6%-ға, азық-түлік емес тауарлар 9%-ға, ал қызметтер 15-16%-ға қымбаттаған.