Қазақстандағы мұсылмандарға CS2 және Dota 2 ойнауға тыйым салынған

Pexels фото на taspanews.kz от 24 июня 2025 17:01
Фото: Pexels

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) түсініктемеде ішінде зорлық-зомбылық, кісі өлтіру, соғыс, дінсіздік немесе дінді келемеждеу көріністері бар барлық ойындарға қатаң тыйым салынғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz «Курсив» басылымына сілтеме жасап.


Әсіресе видео ойындардағы құмарлыққа итермелейтін элементтерге назар аударылды.


Бұл шектеулер Counter-Strike 2, Dota 2, GTA сияқты жобаларға тікелей қатысты – бұл ойындарда ислам талаптарына қайшы келетін зорлық-зомбылық мазмұны бар.


Логикалық, дамытушы және білім беру сипатындағы ойындарды ойнауға рұқсат етіледі. Алайда олар діни міндеттерді орындауға кедергі келтірмеу керек. Құмарлық элементтері болмаса, психика мен жеке тұлғаға зиян келтірмесе, балағат сөздер болмаса, ақылды дамытса және тым көп уақыт алмайтын болса ойын ойнауға болады.


Следите за новостями Taspanews