Қазақстандағы қорғаныс жүйесінде өзін-өзі қорғау құрылымдары мен еріктілер пайда болуы мүмкін

Фото: Pexels
2025 жылы 16 сәуірде ҚР Мәжілісі «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» және соған ілеспе заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Елдің қорғаныс қабілетін арттырып, әскери жағдай кезінде республика аумағын қорғау үшін бағытталған заң жобасында жаңа ұғымдар енгізілмек. «Өзін-өзі қорғау құрылымдары» төтенше әскери жағдайда әскери басқару органдары арқылы құрылады. Осындай құрылымдарға ерікті түрде қабылданғандар «еріктілер» болып есептеледі. Президент қол қойған жағдайда, заң жобасы жүзеге асады.
«Олардың қатарына мобилизацияға жататын және жатпайтын, өзін-өзі қорғау құрылымы құрылған сәтте Қарулы Күштер қатарына шақырылмаған азаматтар кіреді. Олар елді мекендерді, аумақтық қорғаныс нысандарын күзету және қорғау, қорғаныс бекіністерін салу, эвакуациялық іс-шараларды өткізу және басқа да міндеттерді орындауға тартылмақ. Еріктілерден құралған кейбір өзін-өзі қорғау құрылымдары жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің құрамына енгізілуі мүмкін»,