Қазақстандағы колледж студенттері халықаралық сертификаттаудан өтеді

Фото: Pexels

Қазақстан колледждеріндегі техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің кәсіби дағдысын бағалау және мойындау үшін жаңа құрал – халықаралық сертификаттау жүйесі енгізіледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Certiport платформасының базасында жұмыс істейтін сертификаттау жүйесі 5 колледжде жүргізілуде. Қазіргі таңда 4 студент өз кәсіби құзыретін дәлелдеп шықты. Олардың қатарында киберқауіпсіздік саласындағы IT мамандар: Дмитрий Карпюк, Арсений Цыплаков, Рашид Хисматуллин және JavaScript бойынша IT маман – Әдемі Қабдолла.


Certiport сертификаттары арқылы әлемнің 152 мемлекетінде танылады. Студенттер шетелдік жұмыс берушілерде тағылымдамадан өтіп, жаhандық еңбек нарығына шыға алады.