Қазақстандағы алғашқы АЭС қашан және қайда салынады?
Фото: anl.gov
Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын іске қосуға дайындық жүргізілуде. Жоспар бойынша, құрылысы шамамен 2035–2036 жылдары аяқталады. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігі мәлімдеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Мемлекет үшін ауқымды әрі маңызды нысанның құрылысы ұзаққа созылмақ.
«Идеядан толық дайындыққа дейін әдетте 10–12 жыл кетеді. Бұл – әлемдік тәжірибе. Сондықтан, бұл мерзім көп емес. АЭС-ті салатын – танымал ресейлік компания «Росатом». Олар қазірдің өзінде бәрі жоспар бойынша жүріп жатқанын растады»,
Жергілікті тұрғындардың пікірі әртүрлі. Бірі жаңа жұмыс орындары мен ауылдың дамуын күтсе, енді бірі қауіпсіздікке алаңдайды. Алайда билік өкілдері барлығы заманауи стандарттарға сай, барынша қауіпсіз әрі ашық болатынына уәде беруде.