Қазақстандағы 112 бағыт бойынша жүретін пойыздарда бейнекамера орнатылады

 ҚТЖ фото на taspanews.kz от 26 июня 2025 11:35
Фото: ҚТЖ

Қазақстандағы 112 бағыт бойынша жүретін пойыздарда бейнекамера орнатылады


2025 жылдың соңына дейін Ұлттық тасымалдаушы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ 112 бағыт бойынша жүретін пойыздарда бейнебақылау мен бейнесараптау жүйелерін енгізеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚТЖ сілтеме жасап.


Қазірдің өзінде пойыздарда 4000 бейнекамера орнатылған.


Видеолардан тұратын мұрағат ахуал орталығының экрандары арқылы қаралады. Мамандар жағдайды бақылауда ұстайды.


Барлық жаңа жолаушылар вагондары интеграцияланған бейнебақылау жүйесімен жеткізілуде.


«Орнатылған камералардың арқасында пойыздардағы құқық бұзушылықтар 2024 жылмен салыстырғанда 21% төмендеп, шағымдар 32% азайды және ұмытылған заттардың 91% иелеріне қайтарылды»,


–        делінген ресми хабарламада.


Следите за новостями Taspanews