Қазақстанда жас педагогтерді іріктеуге арналған цифрлық платформа іске қосылды

Фото: Freepik
Қазақстан Республиікасы Оқу-ағарту министрлігі «Келешек мектептері» жаңа форматтағы мектептеріне жас педагогтерді іріктеуге арналған цифрлық платформаны іске қосты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Платформада «Өрлеу» орталығының тестілеуінен сәтті өту талап етіледі. ЖОО түлектерінің портфолиолары платформада қамтылады. Осыған дейін 600-ге дейін педагог іріктеуден өтті.
Сервисте педагогтердің білімі, тәжірибесі электронды портфолиода қарастырылады. Жүйе мемлекеттік дереккөздермен қамтамасыз етілген.
«Платформаның негізгі мүмкіндіктері – жас педагог туралы толық электронды карта, директорлар үшін қауіпсіз кіру жүйесі (ЭЦҚ арқылы), смарт сүзгі: нақты пән, өңір және мамандығы бойынша іздеу, жұмысқа орналасқан түлектерді автоматты түрде есепке алу»,
Платформаға сілтеме: career.orleu.edu.kz