Қазақстанда зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер мөлшері көбейеді
Фото: Pexels
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Парламенттің палаталарының бірлескен отырысынан кейін 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және базалық әлеуметтік төлемдер мөлшері көбейетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Келер жылы бұл мақсатта 622 млрд теңге қаражат бөлінеді. Министр келтірген мәліметке сай, барлық зейнетақы түрлері, атап айтқанда базалық және ынтымақтық зейнетақы көбейеді.
Одан бөлек, мүгедектігі бар азаматтарға, балаларға және оларды қарайлайтын ата-анаға төленетін жәрдемақы мөлшері артады. Асыраушысынан айырылған азаматтар үшін де төлемдер мөлшерін көбейту қарастырылған.