Қазақстанда ымдау тілін қолданатындар үшін электрондық сөздік әзірленді
Фото: Pexels
Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беруде цифрлық шешім – есту қабілеті бұзылғандарға арналған электрондық сөздік әзірленді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Онлайн видео ымдау тілі сөздігі автоматтандырылған іздеу жүйесі бар ымдау тілін бейнелейтін интерактивті ақпараттық базамен қамтылған.
Сөздікті Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының сайтында орыс және қазақ тілдерінде жүктеп алуға болады.
«Қолданудың қолайлылығын арттыру және қолжетімділікті кеңейту мақсатында сөздіктің мобильді нұсқасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Оның таныстырылымы 2025 жылғы республикалық тамыз конференциясы аясында өтеді»,