Қазақстанда үйірлі шегірткемен күрес жалғасуда

Фото: Pexels
Қазақстанда 2 млн га ауыл шаруашылық жер шегіртке зиянкестеріне қарсы өңделді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Шегірткемен күресте зерттеу жұмыстарын 3,5 мыңнан астам адам жүргізуде.
Шекара маңында шегірткелерге қарсы жағдай бақылануда. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 2-6 маусым күндері бірлескен зерттеулер жүргізілді. 9-13 маусым аралығында Қытай Халық Республикасында зерттеулер жүргізілді. Қырғызстан мен Қытайдан шегірткелердің үйіріп келу қаупі тіркелмеді.
Ресей мен Өзбекстан шекарасында да шегіртке ошақтары байқалмады. Шегірткелерді бақылау мен олармен күрес шаралары жүргізілуде.