Қазақстанда ұшақ радардан жоғалып кетті

Фото: aeroclub.net.ua

Қызылорда облысында төтенше жағдай орын алды – Таң-Құмкөл бағытына рейс орындаған АН-2 ұшағы ашық далада қонуға мәжбүр болды. Ұшақ қызметкерлерімен байланыс үзілген соң, бірден іздеу жарияланды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


ҚР ТЖМ мәліметіне сай, оқиға туралы хабар түскен соң, құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция және «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды.


«Күшті жел мен шаңды дауыл іздестіру жұмыстарын қиындатты. Алайда 8 сағаттан кейін ұшақтағылар табылды. Абырой болғанда, ұшқыштар мен жолаушылар еш жарақат алмаған және медициналық көмекке мұқтаж болмады. Олар Сырдария ауданың Тереңөзек ауылына жеткізілді»,  – делінген баспасөз хабарламасында.

Осыған дейін «ҚазГидроМет» РМК Қызылорда облысында дауылды ескерту жариялаған болатын: найзағай, күшті жел мен шаңды дауыл болжанған. Алдын ала мәлімет бойынша, дәл осы ауа райы жағдайы ұшақтың мәжбүрлі қонуына себеп болған.