Қазақстанда сүт безі обырын ерте анықтау бойынша жаңа жоба іске асады

Pexels фото на taspanews.kz от 28 мая 2025 21:25
Фото: Pexels

Астанада сүт безі обырын ерте анықтауға арналған пилоттық жоба іске қосылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығында іске қосылған жоба скринингке негізделген. 3D-томосинтез функциясы бар цифрлық маммограф арқылы ісіктерді тіндердің тығыздығы жоғары әйелдерде де ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік туды.


Бұл жабдық Республикалық медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығына, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына, Астана қаласындағы №7 қалалық емханаға қойылды.


Жоба Францияның C3Medical компаниясыме бірлесе жасалуда. Жобаның іске асырылуына орай ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Франция делегациясының сапары кезінде жобаның маңыздылығын атап өте, жалған оң нәтижелер саны азаятынын жеткізді.


Следите за новостями Taspanews