Қазақстанда су қоймаларын салу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қолдану ұсынылды

Фото: Pexels
ҚР Парламенті Мәжілісі отырысында стратегиялық тұрғыда маңызы зор болатын су шаруашылығы және селден, топырақ көшкінінен, қар көшкінінен қорғау құрылыс жайларын салу үшін ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді бөлуге рұқсат беру туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.
Дәлірек айтқанда, суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарын, ауыл шаруашылығы, биологиялық және ирригациялық-мелиорациялық, балық шаруашылығы мақсатындағы ғылыми-зерттеу және оқу орындарының тәжірибелік алқаптарының жерлерін, орман және су қорын алып қоюға рұқсат беру ұсынылды.
«Ауылды елдімекендердің және әлеуметтік (емдеу және білім беру мекемелері, қазіргі зираттар), инженерлік инфрақұрылым (кәріз-тазарту құрылысжайлары, электр беру желілері) объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін ауыстыру құқығы беріледі. Сондай-ақ инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің коммуникацияларын салу үшін мемлекеттік орман қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру да мүмкін болады»,