Қазақстанда сталкинг пен некеге мәжбүрлеу үшін қандай жаза қолданылады?

Енді ресми түрде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде некеге мәжбүрлеу туралы жаңа бап пайда болады. Сенат тиісті заңды мақұлдады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Сенат сталкинг пен некеге мәжбүрлеуге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-атқару және Қылмыстық-процестік кодекстеріне өзгерістер енгізуді мақұлдады. Заң қабылдаудың соңғы кезеңі – жоба ел Президентіне қол қоюға жіберіледі.
Қабылданған өзгерістер аясында мынадай әрекеттерге де қылмыстық жаза қарастырылды:
дропперлік (алаяқтықтың бір түрі);
ұшақты басқару кезінде кедергі жасау.
Тағы қандай өзгерістер енгізіледі?
Жоғарыда аталған негізгі түзетулерден бөлек, құжатта келесі өзгерістер де қарастырылған:
жеке тұлғаға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтіледі;
кәмелетке толмағандарға, әйелдерге және І, ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмайды;
коллекторлық агенттік қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тартылады;
мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылуы мүмкін;