Қазақстанда спорт саласындағы жаттықтырушылардың жалақысы өседі

Pex фото на taspanews.kz от 15 апреля 2025 20:27
Фото: Pexels

2025 жылы 15 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дене шынықтыру мен спортты дамытуға қатысты заңға қол қойды. Жаттықтырушының мәртебесін арттыру бойынша тиісті шаралар көзделді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Сенаттың ресми ақпаратына сілтеме жасап.


Ендігі кезекте бірыңғай спорт стандарттары бойынша істейтін мамандардың жалақысы 30%-ға дейін артады. Құрамадағы спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған ай сайынғы төлем мөлшері заңмен бекітіледі.


Одан бөлек, аккредиттелген федерациялар Ұлттық спорт федерациясы мәртебесіне ие болады. Оларға спорт стандарттарын жасап, халықаралық ұйымдардың мүшесі болу міндеті жүктелді.


Сонымен қатар, жасөспірімдер мен балалар спортына нақты қолдау көрсетілмек. Осы орайда, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру енгізіледі. Мемлекеттік тапсырыстар мен аккредиттеу қағидалары нақтыланады.


Следите за новостями Taspanews