Мейрамханалар мен отшашуларсыз: Қазақстанда Соңғы қоңырау өткізу ережелері еске түсірілді

Фото: culture.ru

Қазақстандық оқушылар мектеппен қоштасатын уақыт таяп қалды. Алайда бұл мереке аниматорларсыз, мейрамханаларсыз және фейерверктерсіз өтеді. Билік өкілдері Соңғы қоңырауды өткізуге қатысты толық тыйымдар тізімін жариялады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынатынын ескертті.


Тыйым салынады:


аниматорлар мен мерекелік іс-шараларды ұйымдастыратын агенттіктерді жалдауға;


мұғалімдерге сыйлықтар мен дастархан әзірлеуге;


автокөлік жалдауға және қала бойынша серуендеуге;


мейрамханаларда, кафелерде немесе ойын-сауық мекемелерінде шара өткізуге;


отшашу пен пиротехника қолдануға;


жабдықталмаған жерлерде шомылуға.


Егер сынып табиғатқа серуендеуді жоспарласа, міндетті түрде мектеп әкімшілігінен, ата-аналардан рұқсат алыну керек және полицияға хабарлау керек. Серуен кезінде жауапты мұғалім, медицина қызметкері және полиция қызметкері болуы тиіс. Сондай-ақ, көлік техникалық байқаудан өтуі керек.


Қауіпсіздік шаралары күшейтілді


Соңғы қоңырау күні әр мектепке полиция қызметкерлері бекітіледі. Бейнебақылау күшейтіліп, оқушылармен, ата-аналармен және ұстаздармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.


Кәсіпкерлерге ескерту жасалды: түлектерге алкоголь сату — қатаң тыйым салынған іс. Түнгі уақытта полиция рейдтер жүргізіп, ата-анасыз жүрген жасөспірімдерді тексереді.


Іс-шара өткізілетін әрбір орын өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталуы тиіс. Жауапты адамдар өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауға міндетті. Төтенше жағдай орын алса, 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.