Қазақстанда соңғы қоңырау қашан соғады?

2025 жылы Қазақстанда соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда емес, 23 немесе 24 мамырда соғады. Бұл оқу жылының ресми аяқталуы жексенбіге сәйкес келетінімен байланысты. Түлектер мерекелік шараларға дайындығын жалғастыра бермек. Ал соңғы қоңырау күнін әр мектеп өзі белгілейді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу жылының соңында ұйымдастырылатын арнайы шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының аяқталатын күні, яғни 23 мамырда еліміздегі барлық мектеп оқушылары үшін «Білім – Отаныма» ұранымен бірыңғай сынып сағаты өтетінін мәлімдеді. Соңғы қоңырауды тойлау үшін қаражат жинауға тыйым салынды. "Мереке мектеп бағдарламасы аясында тойлануы керек. Ақша жинауға, ашық ауада іс-шаралар мен салтанатты мерекелерді өткізуге қатаң тыйым салынады",– делінген ресми хабарламада.